Ақтөбе қаласының «Пригород орта мектебі» КММ-сі қазақ тілінде оқытатын сыныптарға бастауыш сынып мұғалімі (1 жүктеме) және орыс тілінде оқытатын сыныптарға бастауыш сынып мұғалімі (1 жүктеме) тұрақты мерзімге конкурс жариялайды. Бұл конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына (ҚР Оқу-ағарту министрінің 15.08.2023 № 259 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.08.2023 № 343 бірлескен бұйрығына) сәйкес өткізіледі.
Мекенжай:
Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Пригородный т/а, Бейбітшілік көшесі, 4-ғимарат
Телефон: 73-02-37
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Лауазымдық міндеттері мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 7-параграфының 64, 65, 66-тармақтары.
Жалақы мөлшері: тарификацияға байланысты
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 8 тамыздан 16 тамызға дейін
Құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде тапсыруы қажет:
- Осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (идентификация үшін).
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген — бар болса).
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).
- Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults, Cambridge) Pass A, Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass және жоғары, немесе IELTS – 6,5 балл, немесе TOEFL (интернетке негізделген тест) 60-65 балл болуы керек.
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- Тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурсты өткізу күні мен орны:
23.08.2024 ж. сағат 14:00-де "Пригород орта мектебі" КММ-нің "Әдістемелік кабинеті".