"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

Мектебімізде 20 мамыр күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында 0-4 сынып модераторлары Жұрманова Ж.Т., Дадина Б.М., жетекшілігімен ата-аналарға арналған сабақ өтті. Сабақ уақытында ата- аналар әр түрлі тапсырмалар, жаттығулар, тренингтер орындап белсенділік танытты. Отбасы – тәрбие көзі, мектеп оны шыңдаушы. «Тәрбиесіз берілген білім – тұл» деп ұлы ғұлама Әл-Фараби атап көрсеткендей, білімді ұрпақ тәрбиелеудің ата-ана мен мектептің тығыз байланысында өтуі биік нәтижеге жеткізетіндігін ата- аналар айтып өтті.