"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
9 - мамыр Жеңіс күніне арналған “Ұлы Соғыстың кішкентай батырлары” тақырыбында тәрбие сағаты өтілді

5 - сынып білім алушыларымен 9 - мамыр Жеңіс күніне арналған “Ұлы Соғыстың кішкентай батырлары” тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Соғысқа барлық ер азаматтар аттанып кеткен соң, бар ауыртпалық әйелдер мен жас балалар, қарттардың иығына түсті. Ауылда бала болып ойнай алмай, балалық шақтарының қызығын ауыр еңбекпен алмастырды. Колхоз жұмысына белсене араласты. Колхозда көктем шықса өгіздің басын жетектеп, оған соқа жегіп, жер жыртты. Мал азығын дайындап, балалар демалыссыз еңбек етті.