24.04.2024 ж. Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық - техникалық колледжінің ұйымдастыруымен Берсиев мектебінің оқушылары арасында «Junior Skills 2024» чемпионаты өтті. Junior Skills қозғалысының мақсаты: оқушылардың перспективалы заманауи және болашақ мамандықтарды игеруіне және қолдануына жаңа мүмкіндіктер жасау. Жарысқа Берсиев мектебіне курсқа қатысып жүрген Благодар және Пригород орта мектебінің оқушылары қатысты. Чемпионат екі құзыреттілік бойынша өткізілді: «Аспаздық іс» және «Флористика».
«Аспазшы» құзыреттілігі бойынша орын алғандар:
1 орын - Нұрғалиева Альбина Бахтиярқызы - Пригород ОМ
2 орын - Жаналин Абзал Төлегенұлы - Благодар ОМ
3 орын - Ольто Олеся Александровна - Пригород ОМ
«Флористика» құзыреттілігі бойынша:
1 орын - Ваймер Жанна Владимировна - Благодар ОМ
2 орын - Бережецкая Ангелина Александровна - Пригород ОМ
3 орын - Сичевая Елизавета Валерьевна - Пригород ОМ
«Junior Skills 2024» чемпионаты өтті