"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Ұлттық спорт күні»

Бүгін, наурызнама онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні». Ұлттық спорт дегенде – ұлттық рух, ұлттық намыс, тарих, мәдениетіміз бен дәстүріміз еске түседі. Қазақ халқының Ұлттық спорты – халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы. Спорттық шарада қазақ күрес, қол күрес және тоғызқұмалақ пен асық атудан түрлі жарыстар ұйымдастырылды.