Мектеп директоры Ш.К.Умирзакова көктемдей құлпырған қыздарды, отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы ақ жаулықты әжелерді, әр шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған асыл аналарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мерекелік шарада ардагер ұстаздарымызды мектеп ұжымы және кәсіподақ ұйымы құттықтап, алғыстарын алып, қуанышқа бөленді.
Көктемнің айтулы мерекесі 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай “Бүкіл әлем құлпырады сен үшін” атты мерекелік шара өткізілді