"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
Ақпараттан ақ - қараны ажырату өнері” тақырыбында кезекті сабағы өткізілді

“Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жұмысының жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 22 ақпан күні 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарымен модератор А.А.Үкібаеваның ұйымдастыруымен “Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері” тақырыбында кезекті сабағы өтті.
Мақсаты:
- интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру;
- интернетке тәуелділіктің, кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың қызығушылығын арттыру.
Кездесу соңында тақырыпты қорытындылап, ата-аналармен бірлесіп, талқылау сұрақтары жүргізілді. Ата - аналар сабаққа белсене қатысып, қойылған сұрақтарға шынайы жауап бере білді.