2024 жылдың 14 ақпан күні "Әдістемелік кабинет" КММ жоспарына сәйкес Пригород орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Е.Кадырованың "Тарих сабағында білім алушылардың тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыратын белсенді әдістер мен цифрлық технологияның тиімділігін арттыру" тақырыбындағы шығармашылық шебер класының ІІІ отырысы өтті. Отырыс М.И.Ломоносов атындағы қалалық кітапханада өткізілді.
Мақсаты: Тарих сабағында белсенді әдістер мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып,тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Шебер класты қалалық “Әдістемелік кабинет” КММ әдіскері Н.З.Жалгасбаев алғыс сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шебер класс барысында А.Е.Кадырова "Аласапыран" романындағы тарихи тұлғалардың көркем бейнелену амалдары және "Quizwhizzer.com" платформасының тиімділігімен бөлісті. Сонымен қатар 78 ЖББОМГ тарих пәнінің мұғалімі А.Д.Советова
"Ұлттық құндылықтарға негізделген бағалау тәсілдері" және 65 ЖББОМ тарих пәні мұғалімі А.К.Амидуллаева "Joyteka білім беру платформасы тарих сабағында тиімді пайдалану" тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар жұмыс соңында кері байланыс беріп, жылы лебіздерін білдірді.
"Әдістемелік кабинет"