"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысының  жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 15 ақпан күні   5-9 сынып оқушыларының, ата- аналарымен   модератор Ж.К.Жанбаеваның ұйымдастыруымен  “Бұлақ көрсең көзін аш: шығармашыл тұлғаны тәрбиелейміз”  тақырыбында кезекті сабағы өтті.

Сабақтың мақсаты:   ата-аналардың баланың шығармашылық қабілеттерін  дамыту дағдыларын қалыптастыру.  Кездесу соңында ата-аналар шығармашылық тұлғаны дамытудағы ең   бастысы - жасөспірімдермен бірге қызықты бірлескен   шығармашылық  тапсырмаларды  орындап үйрену және   шығармашылық тұлғаны тәрбиелеудегі сәттілік өз үйлеріндегі атмосфераға,ата -ана мен бала арасындағы қарым -қатынасқа байланысты деген түйінге келіп, тамаша көңіл -күймен тарқасты .