"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
“Бір бауырсақ-бір мақал” айдары ұйымдастырылды
Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында “Бір бауырсақ-бір мақал” айдары ұйымдастырылды. Бауырсақтан дәм тату үшін алдымен мақал-мәтел айту керектігі басты назарда болды. Мақсаты: ана тіліміздің мәртебесі мен ұлттық дәстүрімізді ұлықтау. Қазақ тіліне деген құрметтің жоғары екендігін көрсете білу. Мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қазақ тілінде білетін мақал - мәтелдерін айтып, дәмді бауырсақтан дәм татты. Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.К.Батыр.