15.12.2023 күні "Ата- аналарды қолдау орталығының" 5-9 сынып
оқушыларына арналған бағдарламасы жоспарына сәйкес модератор Б.С.
Байдовлетованың ұйымдастыруымен "Ақыл айтпа, жол көрсет. Оқытудың
жаңа шарттары: бала қалай бейімделеді?” тақырыбында екінші сабағы
өткізілді.
Сабақтың мақсаты: Ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу
қабілеттерін дамыту.
Міндеттері:
1 Бейімделу кезеңінде балаларды физиологиялық және эмоционалдық
ерекшеліктерімен таныстыру.
2 Ата - аналарды баланың негізгі мектепте оқуға бейімделуінің
физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.
3 Оқушыға психологиялық қолайлы жағдай жасау дағдыларын
қалыптастыруға ықпал ету.