Құрметті ұстаздар және ата-аналар! Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Елдік мақсат-мұрат жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз табысты болсын. Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат-қуат, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Жылдан жылға басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Бейбітшілік пен Ұлттық бірлігіміз нығая берсін! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!