"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
ХАБАРЛАНДЫРУ (Қамқоршылық кеңес)

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы  «Пригород орта мектебі» КММ Қамқоршылық кеңесінің жаңа құрамын өзгерту туралы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355  бұйрығымен бекітілген  (өзгерістер мен толықтырулар 01.03.2023 №56) «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесінің  жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту» ережесіне сәйкес  Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы,  «Пригород орта мектебі» КММ-де Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы өзгертіліп, оның құрамы бойынша ұсыныстар қабылданатынын хабарлайды.

Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы,  «Пригород орта мектебі» КММ мекен-жайына ұсыныс жолдау Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. (Ақтөбе қаласы Пригородный т/а, Бейбітшілік көшесі,  4 ғимарат)              

Тиісті құжаттарды қоса бере отырып, ресми ресімделген түрде табыс етіледі:

  1. өтінім (еркін түрде);
  2. үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  4. білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
  5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар;

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары қоса беріледі.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі:  10.09.2023ж. байланыс телефоны:

87132 730237