"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
тамыз 2020 жыл

Пригород орта мектебі бойынша қамқоршылық кеңес

     № 1  ХАТТАМАСЫ

        

« 26 » тамыз   2020 жыл

 

Қатысқан:

Қатысқандар: Алексеева А.М,Бусурманова М.Т-қамқоршылық кеңес төрайымы

Таскенова Ж.-қамқоршылық мүшесі,зейнеткер

Жанина Г.Б-мектеп директоры

Күн тәртібі:

  1. 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру-оқу ісі меңгерушісі Ж.Тулеуова
  2. Бастауыш буындағы кезекші сыныптарды қалыптастыру
  3. 2020-2021 оқу жылы бойынша үйірмелер-Г.Рахметова
  4. ҚР заңының 2019ж 27.12. №293 педагог мәртебесі туралы

Бірінші мәселебойынша мектеп дректоры Г.Б.Жанина сөз сөйледі. Ол өатысушылардың назарын өткен оқу жылыныңқорытындысына аударды. 4-тоөсан бойынша үлгерім пайызы жоғарлағанын аьап өтті. Мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түскендігін, бірнеше мектеп түлектерінің грантка түскендігін атап өтті. Сондай-ақ, келесі оқу жылында қашықтықтан оқыту кезінде және ата-аналармен онлайн байланыс ұйымдастыру үшін қолданылатын интернет платформалары туралы айытты. Ол аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасы үшін, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға мектеп компьютерлерін беру туралы және кезекшілерді қалыптастыру бойынша жұмыс қалай жүргізетіндігі туралы мәселе қозғалды.

         Екінші мәселе бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.З.Тулеуова сөйледі. 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқыту ұйымдастырылатыны туралы сондай-ақ күнделік, интернет-платформаларына қатысты ақпаратқа тоқталды. Bilimland.kz, zoom қалыптастырушы және жиынтық бағалау қалай жүргізілетіні туралы хабарлады. Атап айтқанда биылғы жылы қалыптастырушы бағалау үшінбалдар тоқсан ішіндегі қорытынды бағалау шығару кезінде ескерлітіні туралы толық мағлұмат берді. Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру үшінталаптарға, оның ішінде жұмыс істеу кезіндегі санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық қарсы нормаларға толық тоқталды. Ол әр сыныпта топтардың қалай құрылатыны туралы және қашықтықтан оқығысы келетін оқушыларға оқыту қалай ұйымдастыратыны туралы түсіндірді.

Үшінші сұрақ бойыншатәрбие орынбасары Г.Ж.Рахметова сөйледі. Мектебімізде бос уақытты тиімді  ұйымдастыру мақсатында 24 үйірме, 6 спорт секциясы жоспарланып отыр. Жалпы үйірмеге -317 оқушы қатысады, оның ішінде  көп балалы отбасынан -67, толық емес отбасынан -32.       Бастауыш буын 1-4 класс аралығы: «Шебер қолдар», «Кішкентай актерлар», «В мире сказок», «Сахна әлемінде», «Ғажайып табиғат», «Театральная гостиная», «Мир логики», «Қызықты ағылшын тілі», «Театральный колейдаскоп».             Орта буын 5-7 класс аралығы:  «Жас информатик», «Алтын ине», «Проектирование в среде Skretch», «Қолөнер -асыл қазына». Жоғарғы буын 8-11 класс аралығы: «Адам денсаулығы және салауатты өмір», «Математикалық логика»,  «Абайтану», «Тілдік норма және стиль», «Страноведение» жүргізілетін болады.

 

Шешімі:

  1. 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқытуды ұйымдастырылсын.
  2. Бастауыш буындағы кезекші сыныптар санитарлық нормаларға сай қалыптастырылсын.

 

 

 

Кеңес төрайымы:                М.Бусурманова

 

Хатшы:                         С.Сегізбаева

 

Дарин Бақұзақ Үсенович:  

Жалғасова Жарқынай Таңбайқызы:

Таскенова Жания Исентаевана:

Алексеева Анна Михайловна:

Крутень Алла Леонидовна:

Тулебаева Гулбейне Жолаушыбаевна: