"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" ММ "Пригород орта мектебі" КММ
0
қараша 2020 жыл

 

Пригород орта мектебі бойынша қамқоршылық кеңес

     № 2  ХАТТАМАСЫ

        

« 6 » қараша  2020 жыл

Қатысқан:

Қатысқандар: Алексеева А.М,Бусурманова М.Т-қамқоршылық кеңес төрайымы

Таскенова Ж.-қамқоршылық мүшесі,зейнеткер

Жанина Г.Б-мектеп директоры

Күн тәртібі:

  1. ІІІ тоқсаннан бойынша кезекші кластарды ұйымдастыру -ТулеуоваЖ.З
  2. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу. Жартыжылдық есеп Төлеуғалиев М.А,Рахметова Г.Ж,Фалалеева Т.И

3.Көпбалалы отбасыларға арналған мұғалімдер және қамқоршылық кеңестен мемлекеттік көмек туралы- Парай Л.Р,Алексеева А.М

 

ТЫҢДАЛДЫ:Бірінші мәселе бойынша Ж.З.Тулеуова сөз алып І жартыжылдық бойынша есеп берді. Сондай-ақ,ІІІтоқсаннан бастап 5,9,11-кластардың  мектепте оқытылатындығы жөнінде айта отырып,кезекші кластарды санитарлық жағдайды ескере отырып орналастыру керектігі жөнінде айтты.

 Критериалды бағалаудың қалай өтетінді жөнінде егжейлі-тегжейлі түсіндірді және  ата-аналар тарапынан қойыған сұрақтарға жауап берді. Жасалған сабақ кестелері егжейлі-тегжейлі тексеріліп, бекітілді.

Екінші мәселе бойынша ТІЖО  Г.Ж.Рахметова сөз алып Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында келесі жұмыстарға тоқталды:

  1. Республика және облыс бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайларының жиілеуіне байланысты, балаларды өгей әкелері тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді. Мектеп бойынша осындай отбасылар туралы мәліметтер базасы жаңартылды, өгей әкелері бар отбасыларға полиция инспекторы А. Т. Жармағамбетовамен бірлесіп рейдтер ұйымдастырылды, бұзушылықтар анықталған жоқ.
  2. Кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде жаппай жиналуына жол бермеу және мезгілсіз көшеде жүрмеуді қадағалау мақсатында ТІЖО Рахметова Г. Ж. және Фалалеева Т. И. және мұғалімдер Хорлин А. Б., Таскенов Б. М., Айдар с., Жолдаспен кешкі рейдтер ұйымдастырылды және жалғасуда.
  3. Оқушылардың сабаққа қатысымын бақылаудамыз. Сабаққа қатыспайтын оқушылармен жұмыс жүргізіледі: отбасыларға рейдтер жүргізілді (Сирота Ж.11 "Б"), сынып жетекшілері оқушыларының сабаққа қатысуы туралы күнделікті есебін жазып және  ата-аналармен үнемі  байланыс жасап отыр.
  4. Қазіргі таңда мектепішілік есепте 10 "А" сынып оқушысы Танбай Али (сынып жетекшісі Л.А. Жалғасова) тұрады, оқушымен сынып жетекшісі, тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушілер және мектеп психологы онлайн режимде жұмыс жүргізуде. Оқушы тарапынан құқыбұзушылықтар анықталған жоқ.
  5. Қыркүйектен бастап жол қозғалысы Ережелері бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі:

- « Жол қозғалысы ережелері» 1-7-сыныптарда бойынша сынып сағаттары өткізілді;

- кезекші сынып оқушылары үшін ИДН Дүзбаев Ержанмен бірлесіп ЖҚЕ бойынша сабақ өткізілді;

- "Қауіпсіз мектеп автобусы" акциясы аясында 1-11 сынып оқушыларына "Қауіпсіз жол" атты онлайн нұсқаулық өткізілді»;

Әлеуметтік педагог үшінші мәселе бойынша сөз алып,қамқоршылық мүшелерімен бірлесе  жасалған жұмыстар ды атап өтті.«Мектепке жол» науқаны аясында аз қамтылған (15000 тг.) көлемінде азық-түлік пен көмек көрсетілді.

Жаңа жыл қарсаңында мектеп мұғалімдері мен қамқоршылық кеңесінің мүшелері  БусурмановаМ.Т, А.Алексеева:  мүмкіндігі шектеулі оқушыларға

( көп балалы,жағдайы нашар жанұяларда) тұратын оқушыларға көмек көрсетіліп қаражат бөлді.( сыйлықтар жасалды  6 сыйлық әрқайсысына 8000 тг)

Сондай-ақ, әлеуметтік педагог Л.Р.Парай өз тарапынан Сырота Женяға үш мәрте қашықтан оқуға және жеке куәлігін жасауға (30.000) қаражат бөлді.

 

 Шешімі:

1.Санитарлық нормаларды сақтай отырып,кезекші сыныптар сабақты жалғастырсын;

  1. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстары күшейтілсін;

3.Мемлекет  тарапынан ата-аналарға берілетін көмек туралы  ақпаратты назарда ұстау;

 

Кеңес төрайымы:                М.Бусурманова

 

Хатшы:                         С.Сегізбаева

 

Дарин Бақұзақ Үсенович:  

Жалғасова Жарқынай Таңбайқызы:

Таскенова Жания Исентаевана:

Алексеева Анна Михайловна:

Крутень Алла Леонидовна:

Тулебаева Гулбейне Жолаушыбаевна: